Жайылма — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы ауыл, Жайылма ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Жаңақорған кентінен солтүстік-шығысқа қарай 13 км-дей жерде.

Тарихы 1926 жылы «Жайылма» колхозы, Жайылма ауылдық кеңесі болып құрылған. Колхоздарды ірілендіру кезінде, яғни 1949 жылы «Жайылма» және «Жаңақұрылыс» колхоздары қосылып (қазіргі Құттықожа ауылы) «Ленин» колхозы болып ұйымдасқан. 1962 жылы Үкімет қаулысына сай «Красная звезда» совхозына бірікті. 1994 жылы шаруашылықтар таратылып «Красная звезда» совхозынан «Жайылма» өндірістік кооперативі болып бөлініп шыққан. 1995 жылы «Жайылма» ауылы Шалқия поселкелік кеңесінің құрамына енгізіліп, 2005 жылы «Жайылма» ауылдық округі болып құрылды.

Халқы Тұрғыны 1242 адам (2009 жылдың мәліметі). Код КАТО — 434041100.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Викимапияда

Санат:Жаңақорған ауданы елді мекендері