Луи Сайян (; 27 қараша 1910 ж, Валанс - 28 қазан 1974 ж., Париж) — француз және халықаралық кәсіподақ қозғалысының қайраткері.

1937 ж. Ағаш өңдеушілер ұлттық федерациясының секретары болды, ал 1938 ж. Францияның жалпыға бірдей еңбек конфедерациясы Әкімшілік комиссиясының мүшесі болып сайланды.

Елді гитлершілдер оккупациялаған кезде Луи Қарсыласу қозғалысына белсене қатысты. 1944 ж. Қарсыласу қозғалысы Ұлттық Советінің председатлі болды. 1945 - 69 жылдары Кәсіподақтардың бүкіл дүни жүзі федерациясының бас секретары, 1969 жылдан оның оның құрметті председателі. Бүкіл дүние жүзілік Бейбітшілік советінің Бюро мүшесі, БДЖБС Президиумының мүшесі. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976ж., 8 том

Дереккөздер

Санат:Франция саясаткерлері