Джеймс Дэвид Маслоу (; 16 шілде 1990, Нью-Йорк, АҚШ) — америкалық әнші және актер. «Табысқа алға» сериалындағы Джеймс Даймондтың рөлімен танымал болды. «Big Time Rush» тобының бұрынғы мүшесі.
Өмірбаяны Кэти Бердж пен Майк Маслоудың отбасында Нью-Йорк қаласында дүниеге келді. Калифорния штатындағы Сан-Диего Ла-Хойя қаласында оқып, өсті.
Джеймстың үлкен ағасы – Филипп және екі кіші қарындасы – Элисон мен Даниэлла бар. Джеймс 6 жас арлығында өлең айта бастады. Ол Ла-Хойя қаласында Торри Пайнс, Миюрландс және Өнер мектептерін бітірді. 10 жасында «La bohème» операсында шағын рөл ойнады.
Мансабы Джеймс бірінші рет теледидарда 2008 жылы «iCarly» сериалында Шейннің рөлімен жарыққа шықты. 2009 жылы «Big Time Rush» тобы құрылып, Джеймс топтың бір мүшесі атанды. 2009 жылдың қараша айында «Табысқа алға» сериалы шығады. Бұл сериал жас төрт өнерге енді қадам басқан ұлдар туралы. Джеймс «Джеймс Даймондтың» рөлін сомдады.
2014 жылы Джеймс «Жұлдыздармен билеу» бағдарламасында, өз ісінде шебер биші – Пета Маргатроидпен биледі.
Фильмографиясы ЖылыҚазақша атауыШынайы атауыРөлі2008АйКарлиiCarlyШейн2009-2013Табысқа алғаBig Time RushДжеймс Даймонд2010@urFRENZ@urFRENZБрэндон2012Биг Тайм ФильмBig Time MovieДжеймс Даймонд2012-2013Эх, осы әкеSee Dad RunРикки Адамс2013Мадагаскардан шыққан ПингвиндерThe Penguins of MadagascarКовальски, тындалым2013Марвин МарвинMarvin Marvinөзін сомдайды2014ЖекеленгенSequestered2015Ертеңгі дәнSeeds of YesterdayБарт Фоксуорт
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:Америкалық поп әншілер