Людвиг Бюхнер (; 29 қыркүйек 1824, Дармштадт — 1 мамыр 1899, Дармштадт) — неміс дәрігері, табиғат зерттеушісі, философ, тұрпайы материалист.
Еңбектері Либералдық Тюбингенде приватдоцент болды. "Күш және материя" деген еңбегі жарияланғаннан кейін отставкаға шығуға мәжбүр болды. "Табиғат және ғылым", "Хайуанаттардың психикалық өмірі", "Дарвинизм және социализм", т.б. кітаптарында тұрпайы материализм мальтусшілдік пен әлеуметтік дарвинизмді уағыздайды. Бюхнер таным теориясында заттардың еағыз табиғаты бізге белгісіз деп агностизм жолына түсті. Бюхнер неміс социалист-демократтардың негізгі идеялары мен қоғамды коммунистік жолмен қайта құруға қарсы болды. Марксизм-ленинизм класиктері Бюхнердің тұрпайы материализмін сынап, оның идеологиясының буржуазиялық сипатын көрсетті. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976ж., 8 том
Дереккөздер
Санат:Германия тұлғалары Санат:Философтар Санат:Германия жазушылары Санат:Германия философтары