Тайбағар Тұрланұлы (1827, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қазыбек бек темір жол станциясы – 1881, сонда) – би, Ұлы жүз шапырашты руының әжіке тармағынан шыққан. Ақын, әншілердің қамқоршысы болған. Ол өзінің сыралғы досы, атақты әнші Дәурен сал Құдабайұлына араша түсіп, бар малын құн өтеміне төлеу арқылы өлім жазасынан аман алып қалғаны үшін ел ішінде “мырза” атанған. Тайбағардың шешендігі мен әділеттілігін Сүйінбай жоғары бағалаған. Ол Тезек төремен айтысында: “…менің бауырым – Тұрланның жалғыз ұлы, Мықты болсаң жеңіп көр Тайбағарды” деуі Тайбағардың шешен адам болғанын білдіреді. Аягөзде өткен құн дауында Қанай батырды өлім жазасынан алып қалған. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 8 том Санат:тұлғалар
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Тайғабар Тұрланұлы · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.