Қарамұрын – Қалба жотасының орта бөлігіндегі шоқылы тау.

Географиялық орны Абай облысы Жарма ауданы Ортабұлақ ауылының шығысында 9 км жерде орналасқан. Шар өзенінің аңғарында.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 669 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 3 км-ге созылып жатыр, енді жері 1,5 км шамасында. Оңтүстік-шығыс беткейі тік жарқабақты, сай-жыралармен тілімденген. Шығысынан Жанама өзені ағып өтеді. Солтүстігінде Ақбиік тауы, оңтүстігінде Шар бөгені орналасқан.

Геологиялық құрылымы Палеозойдың интрузивтік жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Аласа таудың қара қоңыр, қоңыр топырақ жамылғысында далаға тән өсімдіктер өседі. Етегі мал жайылымына пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Жарма ауданы таулары