ВЕЛЛАНСКИЙ (Кавунник) Данило Михайлович (1774-1847) - орыс дәрігер-ғалымы және шеллингшіл идеалист-философы, Петербургтің дәрігерлік-хирургия академиясында (1796-1802) және Германияда (1802-05) оқып, 1805-37 жылдары дәрігерлік-хирургия академияда сабақ берді. Велланский натурфилософияны дамытып, Ресейде идеалистік диалектиканы да алғаш рет насихаттай бастады. Шығармашылықтары: «Медицинаға пролюзия...» (1805); «Табиғатты биологиялық тұрғыдан зерттеу...» (1812); «Тәжірибе, бақылау және ой қорыту физикасы» (1831); «Жалпы және жеке физиологияның негізгі нобайы» (1836) және т. б.

Санат:1774 жылы туғандар Санат:1847 жылы қайтыс болғандар Санат:Ғалымдар Санат:Философтар Санат:Қоғам қайраткерлері