Táta Mótors Ltd. (, ) — ең ірі Үнді автокөлік өндірушісі, Tata Group құрамына кіреді, бұрын TELCO (Татра Локомотив Инжиниринг компаниясы) ретінде белгілі болатын. Компанияның штаб-пәтері Мумбай қаласында орналасқан. 2006 жылы МОПАП компанияның тізімінде 20 ірі автоөндірушілер санатына енгізілді.

Tata Motors компаниясы 1945 жылы құрылды, сол жылы локомотив өндірісінен бастады. 1954 Daimler-Benz компаниясымен бірлесе отырып алғашқы коммерциялық көлік компаниясының негізін қалады The Search Engine that Does at InfoWeb.net .NYSE компания листингісінде 2004 жылы пайда болды, ал 2005 жылы 320 млрд INR табыспен үндістандық үздік 10 корпорациялар қатарына кірді. Қазір Tata Daewoo Commercial Vehicle ретінде белгілі, ол Оңтүстік Корея Республикасында 2004 жылы, жүк көлігін шығаратын Daewoo зауытын сатып алды. Ең көп үміт күттіретін Tata Nano автокөлігі, 2008 жылы қаңтарда іске қосылды.

2008 жылдың наурыз айында, Tata Motors Ford Motor Company-ді сатып алды, сондай-ақ, ұлыбританиялық Jaguar және Land Rover компанияларының иесі атанды, олар кезінде Daimler, Rover және Ланчестер компанияларының құрамында болған еді . Сделка была закончена 2 маусым 2008 ж..

Tata Motors-тың өндірістік базасы Джамшедпуре, Патнагар, Лакхнау және Пунада орын тепкен.

Басы Tata Motors 1960 жылы Пунада бірінші автомобильдің (Daimler Benz көшірмесі) коммерциялық көлік құралдарын шығара бастады. Бірінші машинаны дайындауға компанияның 5 жылы кетті. Елдің жол инфрақұрылымы жүк көліктері үшін арналғандықтан, компания жеңіл коммерциялық көлік өндірісіне ауысады. Бірінші осындай автомобиль Tata 407 1986 жылы шығарылды.

Ырықтандырудан кейін тез өсу үшін, компания саясатын үйлесімді өндіруге көшірті. 1993 жылы компания қуатты және қоршаған ортаға зиянсыз дизельдік қозғалтқыштар өндіру туралы Cummins Engine Co., Inc. компаниясымен келісімге қол қойды. Бұл атмосфераға шығатын газдар мөлшерін азайтуға талпыныс болды. Үздіксіз ынтымақтастық арқасында компания Tata Holset Ltd., UK-мен Cummins қозғалтқыштарында турбоүрлеу технологияларын пайдалану жөнінде келісімге қол қойды.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Сілтемелер

Санат:Үндістан компаниялары