Росселини Роберто (; 8 мамыр 1906, Рим — 3 маусым 1977, сонда) — итальян кинорежиссері. Неореализм негізін салушылардың бірі. Кинодағы қызметін әуесқой ретінде бастады. «Рим — ашық қала» (1945), «Пайза» (1946), «Генерал Делла Ровере» (1959) және «Римде түн еді» (1960) атты үздік фильмдерінің тақырыбы антифашистік Қарсыласу қозғалысымен тығыз байланысты. Бұдан басқа Дж. Гарибальди туралы «Жасасын Италия!», Стендальдің шығармасы бойынша «Ванина Ванини» (1961) фильмдерін қойды. 60 жылдары телевизиялық фильмдер жасаумен шұғылданды. Оның картиналары бірнеше рет Халықаралық кинофестивальдар сыйлығына ие болды.Қазақ Совет Энциклопедиясы, 9 том

Дереккөздер

Санат:Алтын пальма бұтағы сыйлығының иегерлері (режиссёрлер)