Қызылберік – Тарбағатай жотасының солтүстік-батысындағы тау.

Географиялық орны Абай облысы Үржар ауданы Қарабұйрат ауылының солтүстік-шығысында 32 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1815 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 5 км-ге созылған, енді жері 2 км.

Жер бедері Беткейі тік, өзен аңғарларымен тілімденген. Таудан Аягөз өзенінің салалары бастау алады. Солтүстігінде Өкпекті, оңтүстігінде Үржар, батысында Шоңқызыл, оңтүстік-шығысында Бозарқа таулары орналасқан.

Өсімдігі Таудың қоңыр топырақ жамылғысында бетеге, селеу, бұта аралас өсімдіктер өседі. Етегі мал жайылымына пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Үржар ауданы таулары