Құлжабасы – Қопа аңғарының солтүстігіндегі таулар.
Географиялық орны Алматы облысы Жамбыл және Жамбыл облысы Қордай аудандары аралығында орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1178 м. Солтүстік-батыстан шығысқа қарай 39 км-ге созылған, енді жері 9 км. Қиыр солтүстік-батыс бөлігіндегі ең биік жері 1183 м. Беткейі тауаралық аңғарлармен сай-жыралармен тілімденген. Шу-Іле тауларының сілеміне жатады. Тау бөктерінде Таспа, Ақмола, т.б. көптеген бұлақтар бар. Солтүстігінде Қарой аңғары, шығысында Доланқара тауы жатыр.
Өсімдігі Етегінде жусан, бетеге, қараған, т.б. өсімдіктер өседі. Мал жайылымына қолайлы.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Жамбыл ауданы (Алматы облысы) таулары Санат:Қордай ауданы таулары