Абд ул-Карим Бұхари (18-ғасырдың 2-жартысы, Бұхара – 1830, Константинополь) — тарихшы. Өмірі жөнінде мәлімет аз. Саяхат жасап, бірқатар елді аралаған. 1807–1808 жылдары елшілермен бірге Константинопольге барған. Оның парсы тілінде жазған тарихи геогр. еңбегі 1873–1874 жылдары Мысырда басылып шықты. Еңбек француз тіліне аударылып, 1876 жылы Парижде «Орталық Азия (Ауғанстан, Бұхара, Хиуа, Қоқан) тарихы» деген атпен жарық көрді. Шығармада Орт. Азия жөнінде қысқаша географиялық мәліметтер берілген және Ахмед Шаһ Дуррани заманынан бастап, өз тұсына дейін осы елде болған тарихи оқиғалар баяндалды. Сонымен бірге Дешті Қыпшақ жерінен қазақтармен бірге мекендеген қарақалпақтар, Қазақстан мен Хиуаның сыртқы саяси байланысы, Хорезмді билеген қазақ хандары туралы құнды мәліметтер келтірген.Қ 18 «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Ә. Нысанбаев. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. — 720 бет. ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:1830 жылы туғандар Санат:Тарихшылар