Коадаптация (латынша coadaptation – өзара бейімділік) – эволюциялық процесс кезінде органдардың морфологиялық құрылысы мен атқаратын қызметі жөнінен бір-біріне бейімделуі. Бұл - корреляцияның бір түрі. Коадаптация табиғи сұрыптау кезінде өзгеріске ұшырайтын органдардың құрылысы мен қызметіндегі тиімді байланыстарды қамтитын генетикалық өзгерістер әсерінен жүзеге асады. Коадаптация организмнің жаңа тіршілік жағдайына бейімделуін қамтамасыз етеді. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том
Дереккөздер
Санат:Эволюция Санат:Терминология