Қарашоқы – Бектауата тауларының батысындағы шоқылы тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы Мойынты темір жол стансасының шығысында 49 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 527 м. Мойынты және Қарабұлақ өзендерінің аралығында. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 3 км-ге созылып жатыр, енді жері 1,5 км шамасында.
Жер бедері мен геологиясы Беткейі тіктеу, таудың түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Делювийлі-пролювийлі шөгінділерінен, орта және жоғарғы тас көмір жыныстарынан түзлген.
Өсімдігі Бозғылт қоңыр топырақ жамылғасында жусан, селеу, боз, баялыш, бұталар өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Шет ауданы таулары