Қарашоқы – Қоңыртемірші тауларының оңтүстік-шығысындағы тау массиві.

Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Қошқар ауылының оңтүстік-шығысында 37 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 939 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 16 км-ге созылған, енді жері 7 км.

Жер бедері Солтүстік және оңтүстік беткейлерін қорымтастар алып жатыр. Қарашоқыны солтүстігінде Көктас, Үшқайың, оңтүстігінде Шұбарайғыр, Жауыр, батысында Қошқар, шығысында Сандықтас таулары қоршаған.

Геологиялық құрылымы Тас көмір жүйесінің тау жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Сортаңды қоңыр топырақ жамылғысында жусан, сұлыбас, боз, бұталар өседі. Атырабында жайылымдық жерлер мен қыстаулар бар.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) таулары