Тентек – Алакөл алабындағы өзен.
Сөз төркіні Өзеннің Тентек аталуы оның буырқана аққан қатты ағысына байланысты болса керек. Таудан құлай аққан көп өзеннің Тентек өзеніне қосылып, су көлемі көбейіп, арнасы толған соң екпіні күшейіп, сарқырап-күркіреп, қатты ағуы — табиғи құбылыс.
Географиялық орны Жетісу облысы Алакөл ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 200 км. Су жиналатын алабы 5390 км2.
Бастауы Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік беткейіндегі мұздықтардан (Көкетау және Сарыбүйрек) басталып, Сасықкөл көліне таяу ұсақ көлдерге құяды.
Гидрологиясы Ірі салалары - Шынжылы, Шымбұлақ, Ағынықатты, Аршалы, т.б. Жоғарғы бөлігіндегі аңғары мен арнасы тар шатқалды. Алакөл ойысына шыққан жерінде аңғары кеңейіп, 3 тармаққа бөлініп, Үшарал қаласынан төмен 5 км жерде қайтадан бір арнаға қосылып, жайылып ағады. Еріген қар, мұз суларынан наурыз - сәуір айларында тасиды. Жылдық орташа су ағымы Ынталы ауылы тұсында секундына 47,1 м3. Суы тұщы, мөлдір, ауыз суға, егістік суғаруға пайдаланьлады. Ш. Уәлиханов 1856 жылы өзінің Қапал - Верный - Ыстықкөл - Құлжа саяхаты кезінде Тентек аңғарын зерттеді. Өзенге Тентек суғару жүйесі салынған.Атамекен Географиялық энциклопедия. Алматы 2011 ISBN 9965-893-70-5
Тентекке Қызылтентек, Жылысай, Қайрақты, Ағынықатты, Аршалы, Кежелі, Шымбұлақ, Ортатентек, Қарақоғыз, Шынжалы өзендері құяды.
Дереккөздер
Санат:Алакөл ауданы өзендері Санат:Алакөл су алабы