Конденсациялық турбина - жұмыс циклінде конденсациялану өтетін бу турбинасы. Сипаттамасы Конденсациялық турбина өзге қозғалтқыштан ерекшелігі ол жалғыз қондырғымен-ақ өте үлкен қуат 1200 Мвт-қа дейін және одан да артық өндіруге мүмкіндік береді. Бұл турбина ірі-ірі жылулық және атомдық электр стансаларында, кемелердің бас қозғалтқышы ретінде пайдаланады. Қуатты конденсациялық турбина әдетте көп цилиндрлі (көп сатылы) болып жасалады. Тарихы 1972 жылы Ленинградтың металл зауытында қуаты 1200 Мвт-тық Конденсациялық турбина жасалған болатын. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том

Дереккөздер

Санат:Құрылғылар