Нақис Савурахун (1854–1923) – ұйғыр ақыны. Қашғар у-нің (қазіргі Шығ. Түркістан) Янгисар қаласында туып өсіп, ғұмыр кешкен. Нақис Савурахун өлеңдері бір жинақ (1885) көлемінде сақталған. Ол үнді жазушысы Иниятуллах Канбунның (1606–71) «Баһары данши» атты кітабын парсы тілінен ұйғыр тіліне аударды (1887), көне қолжазбаларды көшіріп, халық арасына таратты. Нақис Савурахун шығармашылығында махаббат тақырыбы басты орын алғанымен, қоғамдық мәселелерге арналған, халықтың ауыр тұрмысын көрсететін өлеңдері де бар. Оның бірқатар өлеңдерінде ( «Мугани», «Сиыр және бай» т. б.) таптық қайшылық суреттеледі, езуші таптың озбырлығы сыналады, диқандар өмірі мен тұрмысы ( «Бие мен бай» т. б.) шынайылықпен бейнеленеді. Н. 19 ғ-дағы ұйғыр әдебиетінің дамуына үлес қосқан ақын.Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Нақис Савурахун · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.