Шырғанақ — Алматы облысы Кеген ауданындағы ауыл, Шырғанақ ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Кеген ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 15 км-дей жерде, Кеген өзенінің сол саласы – Шырғанақ өзенінің аңғарында орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен13681495 941 62,9 726 479 66 769 462 60,1
Тарихы Іргесі 1920-30 жылдары осы өңірде ауыл шаруашылық артельдерін құру кезінде қаланған. 1929-96 жылдары сүт өндірумен айналысатын ұжымшар, кейіннен “Кеген” кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде Шырғанақта және округтегі Кеңсу, Кіші Қарқара, Көкпияз, Қызылжар, Талды ауылдарында “Балауса”, “Аршалы”, “Маяк”, “Мұрат”, “Сәрсенбек” шаруа қожалықтары құрылды.
Дереккөздер
Санат:Кеген ауданы елді мекендері