Сейтен — Ертіс алабындағы ағынсыз көл.

Географиялық орны Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Чигириновка ауылының солтүстік-батысына қарай 15 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 138 м биіктікте.

Гидрографикасы Ауданы 15,8 км2, ұзындығы 5,4 км, енді жері 4,4 км, жағалау бойының ұзындығы 19,2 км, терендігі 2 м. Жағалаулары тік жарлы келген, жарларының биіктігі 3 - 13 м. Пішіні - сопақша. Суы ащы, шаруашылықка жарамсыз.

Санат:Шарбақты ауданы көлдері Санат:Ертіс су алабы