Сарыбас торғай шымшықтар-Азия, Еуропа, Сүлтүстік Африка және Солтүстік Америка-ның шыршалы ормандарында және бұталы өсімдіктерінде кездеседі.Дене тұрқы 10–20 см, салмағы 7–25 г. Отырықшы құс, бірақ жиі қоныс аударып жүреді. Саябақ, бау-бақша, орман және өте кең алқапқа таралған. Бұлар үшін ауылдағы немесе қырлардағы үйлердің шарбақтарына жағалай өсетін қара бүлдіргендер ең жақсы пана, ұя болып табылады. Ерекшелігі Ең басты ерекшелігі қысқа шолақты құйрықты, дене бітімі дөңгелек тәрізді болып келетін шымшықтар сары бас торғай шымшықтардан кейінгі еліміздегі ең кішкентай құс болып табылады. Дене тұрқы 7–10 см, салмағы 7-9 грамм. Денесінде көлденең қою жолағы бар, ашық сұр түсті, ақ қасты жолақты құс. Осы жолақ түктерінің шығуына байланысты ер жеткендігі белгілі болады. Арқасы жасыл түсті, бауыры сұрғылт жасыл, қанаттары мен құйрықтары қоңырқай сұр болып келеді. Аталықтарының төбесінде қызыл айдар, аналықтарында сары айдар, ал балапандарында ешқандай белгі болмайды. Тұмсығы мен аяқтары қоңыр түсті, дене тұрқымен салыстырғанда зор дауысты болып келеді. Көбінесе 5 секундқа дейін, “тси-тси-тсиик-тррр” деп сайрайды. Қызылтамақ шымшықтардан да жиі және қатты дауыс шығарады. Қоректенуі Жерден немесе ағаштардан тапқан әр түрлі құрт-құмырсқа, шыбын-шіркейлермен қоректенеді. Яғни зиянды жәндіктерді жеп, пайда келтіреді. Мекен етуі Шымшықтардың құйрықтары да өздері сияқты шапшаң қимылдайды. Жалпы ашық жерлерде жүргенді ұнатпайды, бірақ қыста азық табу үшін бұл әрекеттерінен бас тартады. Дала қараңғы болса да ұшып жүре береді. Ұшқан кездерінде қанаттарын жиі қағып, жерге жақын, қысқа аралықта, түзу сызық бойымен ұшады. Ертегілерде шымшықтар өте зерек және қу болып келеді. Шымшықтар отырықшы, жергілік құс болып табылады. Тек қана Солтүстік Еуропадағы түрі көшпелі болып келеді. Балтық теңізінің үстімен өткенде теңіздегі кемелерді қонақтайтын аялдама ретінде қолданады.
Дереккөздер