Сәтбаева Раушан Әбікейқызы (16. 12. 1916 жылы, Павлодар қаласы) - қазақ онкологы, медицина ғылымдарының докторы (1972).

Арғын тайпасының Сүйіндік руының Қаржас бөлімінен шыққан.

Ташкент медициналық институтын бітірді (1940). Алматы қалалық № 2 поликлиника дәрігері (1940-41). 1941-63 жылдары Алматы медициналық институтының госпитальдық хирургия кафедрасында ординатор, ассистент, доцент. 1963 жылдан Онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының жалпы онкология бөлімінде аға ғылыми қызметкер, ал 1964 жылдан сол бөлімнің меңгерушісі. Сәтбаеваның 57 ғылыми еңбегі бар. Бұл еңбектерінің көпшілігі онкологиядағы хирургия мәселелеріне және қылтамақ ауруының ерекшеліктеріне арналған. Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер ҚАНЫШ-ҚАЗАҚ

Санат:1916 жылы туғандар Санат:Павлодар облысында туғандар Санат:Қазақстан дәрігерлері Санат:Қазақстан ғалымдары