Сергей Александрович Есенин (3 қазан 1895 жыл, Константиново селосы, Рыбновский ауданы, Рязань губерниясы — 28 желтоқсан 1925 жыл, Ленинград) — 20 ғасырдың ең әйгілі орыс поэттерінің бірі, Күміс ғасырдың ең үлкен тұлғаларының бірі. Жаңашаруа поэзиясының және лирикасының және кешкі өмрінде имажинизм өкілі.

Өмірбаяны Ерте өмірі Сергей Есенин Ресей империясының Рязань губерниясындағы Константиново ауылында шаруалар отбасында туылды.

Сергей Есенин 1909 жылы Константинов шаруалар училищесін үздік бітірген соң, шіркеулік-ұстаздар мектебіне оқуға түседіСергей Есенинның өмірбаяны . Бірақ болашақта ұстаздық қызмет атқару оның көңіл хошына тура келмегендіктен, бір жарым жыл өткеннен кейін-ақ шығып кетуге мәжбүр болған. Өзі көптен аңсаған Мәскеу шаһарына жетіп алған бозбала 1993 жылдың 13 қыркүйегінде Шанявский атындағы халықтық университеттің табалдырығын аттайды. Тиісінше, жаңалыққа ынтызар жас талап дәл сол жерден сол кезге дейін іздеп, аңсағанының бәрін табады. Оқу орнындағы бір жылдан астам уақыт бойғы алған білімі оның алдағы өміріне даңғыл жол салып бергендей болды.

Атақты ақын Сергей Есенинің бойы 168 см болған.

Жеке өмірі Есенин 1913 жылдың күзінде Изряднова Анна Романовна екеуі азаматтық некеге отырады. Олар Сытин баспаханасында ақынның корректор болып жұмыс істеп жүрген кезінде танысады. Ал 1914 жылдың 21 желтоқсанында ұлдары Юрий дүние есігін ашады. Дегенмен, арада көп ұзамай, Есенин жанұясын тастап, баяғы өмір сүру қалпына түседі. Анна Изряднова өз естеліктерінде былай дейді: "Мен оны өлер алдынан аз уақыт бұрын көргем. Қоштасуға келгенін айтты. Ал бұның не үшін керектігін сұрағанымда: "Қашып бара жатырмын, жолға шығамын, өзімді нашар күйде сезініп жүрмін, бәлкім, өлер күнім жақын шығар" - деді. Сәбиімізді көп еркелетпей, оны жіті қадағалауымды сұрады".

Сергей Есенин өмірден өткен соң Мәскеудің Хаманов аудандық халықтық сотында Юрийді ақынның ұлы деп тану мәселесі қаралды. 1937 жылдың 13 тамызында Юрий Есенин Сталинді өлтіру операциясына қатысы бар деп танылып, ату жазасына кесілді.

Ақын өлімі 1925 ж. 24 желтоқсанда Сергей Есенин Ленинград қаласындағы "Англетер" қонақ үйінде тоқтайды. Ал 3 күннен соң, 27 желтоқсанда кеш түсе, өзі жатқан бөлмесінде ақынның өлі денесі табылады. Бөлмеге кірген адамдардың көздеріне қорқынышты суреттер келеді: Есенин, өлі кейпі, жылыту құбырына сүйеніп жатқан дене, қызыл қанға боялған еден, әр жақта шашылған киімдер, үстел үстінде "До свиданья, друг мой, до свиданья" өлеңі жазылған өлер алды хаты табылады. Өлімінің нақты күні мен уақыты белгісіз. Шамасы 27 желтоқсаннан 28 қараған түні дүние салса керек.

Есениннің денесін Мәскеу қаласындағы Ваганьков зиратына жерлеу үшін қайтып алып барады. Жерлеу рәсімі есте қаларлықтай ерекше өтеді. Замандастарының айтуы бойынша, бұлайша орыстың бірде-бір ақыны соңғы сапарға аттанбаған көрінеді.

Дереккөздер

Санат:3 қазанда туғандар Санат:1895 жылы туғандар Санат:Константиновода туғандар (Рыбнов ауданы) Санат:28 желтоқсанда қайтыс болғандар Санат:1925 жылы қайтыс болғандар Санат:Санкт-Петербургте қайтыс болғандар Санат:Ваганка зиратында жерленгендер Санат:Сергей Есенин шығармалары Санат:XX ғасырдағы орыс жазушылары Санат:Күміс ғасырдың орыс ақындары Санат:Имажинизм Санат:Орыс авангарды ақындары Санат:XX ғасырдағы Ресей ақындары Санат:Лениниана тұлғалары Санат:Сергей Есенин