Найманжал – Едірей тауларының солтүстігіндегі тау тізбегі.

Геологиялық орны Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының қиыр солтүстігінде. Айрық ауылынан шығыста 35-40 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 471 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 13 км-ге созылып жатыр. Енді жері 3,5 км.

Жер бедері Көтеріңкі келген солтүстік-батыс бөлігінің беткейлері біршама тіктеу келген, оңтүстік-шығысы (абс. биікт. 456 м) көлбеуленіп, далаға ұласады. Батысындағы тауалды жазығында бір топ тұзды көлдер жатыр. Беткейлері нашар тілімденген.

Өсімдігі Таудың қиыршықты қоңыр топырағында тобылғы, қараған, бетеге, боз, қау, т.б. астық тұқымдас шөптесіндер өседі.Атамекен Географиялық энциклопедия. Алматы 2011 ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Қарқаралы ауданы таулары