Темекішөп немесе Дороникум () – астралылар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктердің тегі.
Таралуы Қазақстанда Алтай,Тарбағатай, Іле, Кетпен тауының альпі, субальпі шалғындарында, тау мұздықтарына жақын жерлерінде және шырша ормандарының арасында өсетін үш түрі бар: Алтай темекішөбі - Doronicum altaicum (Pall.), Тасжапырақты темекішөп және Түркістан темекішөбі - Doronicum turkestanicum (Cavill.) бар.
Сипаттамасы Өсімдіктердің биіктігі 15 және 18 см аралығында. Тамыры көлбеу өседі. Сабағы тік, түбінен бастап өсетін ,қандауыр ,таспа тәрізді жапырақтары сабақты орап жатады. Сабаққа кезектесіп орналасады. Гүлі қос жынысты, түтік тәрізді сары түсті. Олар себет гүлшоғырына топталған. Себеті ірі, дара болады. Маусым-шілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс салады. Тұқымдары ұзынша 10 қырлы, қара-қоңыр түсті, айдары бар.Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы 8 том
Галерея 200px 200px 160px Темекішөп
Дереккөздер
Санат:Күрделігүлділер Санат:Еуразия флорасы Санат:Солтүстік Африка өсімдіктері