Мария Осиповна Кнебель (, Мәскеу - , Мәскеу) — кеңес режиссері, педагог, РКФСР халық әртісі (1958), өнертану ғылымының докторы (1966).

1918 жылдан Чехов студиясында, одан кейін Москва Көркем театры 2-ші студиясының мектебінде оқыды. 1924 ж. Мәскеу Көркем театрының группасына қабылданды. Көбіне өткір мінезді рольдерде ойнады. Шарлотта (Чеховтың «Шиелі бағында»), Карпухина (Достоевскийдің «Ағайдың түсі» романы бойынша).

Режиссерлік қызметін 1935 ж. Мәскеудің М.Н.Ермолова атындағы театрынан бастады. Мұнда А.Н. Арбузовтың «Алыс жол» (1936), А.М.Горькийдің «Соңғылар» (1937) мен «Күннен туғандар» (1937, Н.П. Хмелевпен бірге), У. Шекспирдің «Қалай, бұл сізге ұнай ма?» (1940) пьесаларын қойды. 1950 жылға дейін Мәскеудің академиялық көркем театрында, ал 1950-1960 ж. Орталық балалар театрының режиссері болды. Мәскеудің А.С.Пушкин атындағы драма театрында А.П.Чеховтың «Ивановын» (1955), В.В.Маякосвкий атындағы драма театрында А.Н. Островскийдің «Таланттар мен табынушыларын» (1969) және Ф.М. Достоевкийдің шығармасы бойынша «Ағайдың түсін» (1972, сценарийін П.А.Марковпен бірлесіп жазды) қойды.

1932 жылдан педагогикалық қызметпен шұғылданды. 1948 жылдан ГИТИС-тің режиссерлік факультетінде (1960 жылдан профессор) сабақ берді. 2 рет Еңбек Қызыл Ту ордені және медальдармен марапатталғанҚазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы 1974 жыл,5 том, бас редакторы М.Қ. Қаратаев, 480 бет.

Дереккөздер

Санат:КСРО актрисалары Санат:КСРО режиссёрлері