Қызылтас – Қаратоғанбай тауларының оңтүстік-шығысындағы тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылының солтүстік-батысында 29 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1086 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 8 км-ге созылған, енді жері 7 км.
Жер бедері Беткейі тік шоқылардан тұрады. Етегіндегі жартастардың биіктігі 7-10 м. Оңтүстігінде қойтастардың мол үйінділері шоғырланған. Солтүстігінде Жалпаққайың, шығысында Арқарлы таулары бар. Батысындағы бұлақтардан Майөзек өзені бастау алады.
Өсімдігі Таудың қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, селеу, аңғарларында бидайықты шалғын өседі. Мал жайылымына қолайлы.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) таулары