Антанас Мацкявичюс (1828 жыл, Расейн, Литва, Кельмес ауданында - 1863 жыл Каунас) — революционер-демократ. Литван шаруалар көтерілісі басшыларының бірі. Киев университетінде оқыған, діни семинарияны бітірген. Помещектерге, патша өкіметіне қарсы күресу, басыбайлықты жою, помещик жерін шаруаларға тартып әперу қажет деген көзқараста болған. Литван, поляк, белорус халықтарының азаттық күресін орыстың революция қозғалысымен біріктіруді қуаттады. 1863 ж. Польша ОК мен Литван комитеті Вильнюсте көтеріліс жасау туралы манифест жариялағанда Мацкявичюс шаруалар отрядын басқарды. Кейін З.Сераковский басқарған біріккен көтерілісшілер армиясы құрамында соғысты. Ол қаза тапқаннан кейін бүкіл Ковен губернясындағы көтерілісшілер отрядын басқарды. 1863 ж. 5 Желтоқсанда Мацкявичюс қолға түсіп, өлтірілді.
Дереккөздер