Қосқамбай – Ақирек тауларының шығысындағы тау.
Географиялық орны Саумалкөл көлінің солтүстік-шығысында, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Мұса Шорманов ауылының солтүстік-батысында 34 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 628 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 3 км-ге созылған, енді жері 1 км.
Жер бедері Беткейі көлбеуленіп жазыққа ұласады. Солтүстігінде қорымтас үйінділері кездеседі.
Өсімдігі Тауалдының қара топырақ жамылғысында бетеге, бидайық, т.б. дала өсімдіктері өседі. Етегі мал жайылымына қолайлы. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Баянауыл ауданы таулары