Қотыр тауы – Кеңтарлау аңғарының батысындағы аласа тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Жаңаорталық ауылынан оңтүстікке қарай 23 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 556 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 8 км-ге созылған, енді жері 5 км. Беткейі қатты тілімделген. Солтүстік-шығысында Сарыоба, оңтүстігінде Ақшаадыр таулары, шығысында Қаражырын құдығы орналасқан.
Өсімдігі Бозғылт сұр топырақ жамылғысында баялыш, көкпек, боз, қара жусан, сораң, т.б. өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) таулары