Мэттью Джеймс Беллами (; 9 маусым 1978, Кембридж, Ұлыбритания) — британикалық музыкант. Muse тобының әншіci, гитаристі, әндердің авторы және композитор. 2009 жылы Classic Rock журналы оны бүкіл уақыттағы ең ұлы гитаристердің тізіміне қосты.
Жастық шағы Мэттью Беллами 1978 жылдың 9 маусым күні Ұлыбританияның Кембридж қаласында Джордж және Мэрэлин Беллами отбасында дүниеге келді. Әкесі Джордж кезінде The Tornados тобының гитаристі болған. Мэттью Беллами бала кезінен бастап өнерге қызығулышық танытты. 6 жасында ол пианинода, ал 11 жасында гитарада ойнауын үйренді.
Дискографиясы Muse 1999 — Showbiz 2001 — Origin of Symmetry 2003 — Absolution 2006 — Black Holes and Revelations 2009 — The Resistance 2012 — The 2nd Law
Сыртқы сілтемелер Мэттью Беллами MuseWiki сайтында
Санат:Ұлыбритания әншілері Санат:Ұлыбритания музыканттары Санат:Ұлыбритания сазгерлері