Александр Кокорин Алекса́ндр Алекса́ндрович Коко́рин (19 наурыз 1988, Валуйки) — шабуыл шебіндегі орыс ойыншысы. Қазіргі таңда мәскеулік "Динамо" футбол клубының сапында және Рессейдің ұлттық құрмасында өнер көрсетеді. thumb|left|200px Клубтық мансабы Динамо 2008 жылы Александр мәскеулік "Динамо" клубымен үш жылдық келісім шартқа тұрады. Ол кезде "Динамо" сапында мықты шабуылшы болмайды, сол себепті Кокорин қиындықсыз негізгі сапқа кіреді. Кокорин "Динамо" сапында ең алғашқы ойынын 17 жасында өткізеді. Ол ойында Александр гол соғып сол маусымнын ең жас гол соққан ойыншысы атанады. Үш тур өткеннен соң тағы бір голды өзінің алдын ойнаған мәскеулік "Локомотив" клубына соғады. Ол ойынын соныңда есеп (1-0) болады.

2009 жылдағы маусымда Александр жиаырма үш ойынға қатысып бар жоғы екі гол соғады. Біріншісі голын "Химки" футбол клубына, ал екіншісін мәскеулік "Спартак" клубына соғады.

Жаңа маусымда Александр Еуропа Лигасында үш гол соғады. оның екеуі «Данди Юнайтед» клубына, ал үшінші голын «Штутгарт» клубына соғады. Рессей Чемпионатында бірінші голын алтыншы турда "Локомотив" клубына соғады да сол маусымда өз командасына алғашқы жеңісті алып келеді. 2012 жылдың 22 қыркүйегінде "Амкар" футбол клубына қарсы ойнап Рессей Лигасында өзінің 100-ші ойынын өткізеді.

2013/14 маусымында бірінші турда ол өзінің алғашқы хет-тригын жасайды, Ол өзінің үш голын "Ростов" клубына қарсы салады. Ұлттық мансабы 2012 жылы 11 қыркүйек күні 2014 Әлем Чемпионатының іріктеу кезеніңде Израиль ұлттық құрамасына қарсы ойында гол соғады. Ол гол Кокорин үшін ұлттық құрама сапындағы ең алғашқы голы болып саналады. 6 қыркүйек 2013 жылы Александр Кокорин "Люксембур" ұлттық құрамасына ең тез гол соғады. Ол голдың соғылуына бар жоғы 21 секунд қажет болады.

2014 жылы Бразилияда өткен Әлем Чемпионатында Александр Кокорин үш ойын өткізіп бір гол соғады. Ол голды "Алжир" ұлттық құрамасының қақпасына соғады.

Жетістіктері Команда Рессей біріншілігінің үшінші орын иегерлері: 2008 Рессей кубогының екінші орын иегерлері: 2011/12 Жеке Рессей премьер-лигасының ең үздік жас ойыншысы: 2011 Рессей құрамасының ең тез гол соққан ойыншысы: 2013 Рессей біріншілігінің 33 ең үздік ойыншыларының қатарында: 2012-13; 2013-14

Дереккөздер

Сілтемелер

Санат:Ресей футболшылары