Лебяжье, Аққулы — Шу алабындағы тұщы көл.
Географиялық орны Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Ұланбел ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 14 км жерде, теңіз деңгейінен 259 м биіктікте жатыр. Аумағы 2,6 км2 (көктем айларында 3,5 км2-ге жетеді), ұзындығы 2,6 км, енді жері 1,8 км, жағалау бойының ұзындығы 11,4 км.
Сипаты Шу өзені жайылмасында жатқан күрделі пішінді көлдің шығысында бірнеше көлдер жатыр. Сондай-ақ көл алабында адам өтпес батпақ пен сор қалыптасқан. Негізінен жер асты және Шу өзенінің суымен толысып отырады.
Өсімдігі Көтеріңкі келген солтүстік жағалауыында жүзгін, теріскен, ши, жусан өскен. Басқа жағалауларын қамыс, құрақ шоғырлары басқан.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Мойынқұм ауданы көлдері Санат:Шу су алабы