Айтбай Әлжанов (1927 ж. т., Атырау қ.) — инженер-геолог, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты (1974).
Өмірбаяны Мәскеу мұнай институтын бітірген (1959).
1949-95 ж. Тереңөзек, Құлсары мұнай барлау мекемелерінде
«ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру» басқармасында
Орал, Каспий маңы мұнай барлау экспедицияларында
«Мұнай» ғылыми-өндірістік орталығының акционерлік қоғамы Атырау өндіріс бөлімшесінде аға геологтан бас геолог, өндіріс бөлімшесі бастығына дейінгі еңбек жолынан өтті.
Ашқан кен орындары
Прорва (1985)
Забұрын (1988)
Теплов-Токарев (1998) кен орындарын тұңғыш ашушылардың бірі.
Марапаттары
Еңбек Қызыл Ту
«Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған. Атырау: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2000 ISBN 5-7667-9129-1
Дереккөздер
Санат:1927 жылы туғандар Санат:Атырауда туғандар Санат:Қазақстан геологтары Санат:Геология-минералогия ғылымдарының кандидаттары Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері