thumb|right|Авторлық құқық белгісі (©) бар стереотиптік суперқаһарман силуэтінің қоймадағы суреті. Мұндай көрнекі тіл Суперменнің әсерінен түсірілген thumb|right| Суперқаһарман — бұл шытырман оқиғаларға толы кейіпкер, әдеттегі адам жасай алмайтын таңғажайып әрекеттер жасауға қабілетті және «суперқабілеттерге» () ие (яғни, оларды әдеттегі адамдардан ерекшелендіретін ерекше қабілеттер), көбінесе бұл қабілеттер тылсым күштер, биологиялық мутация, озық технология немесе ерекше қабілеттер арқылы алынады. Өрмекші адам мен Супермен - орасан күштері мен қабілеттері бар ең танымал суперқаһармандар. Сондықтан оларға бала біткен қатты еліктейді. Бэтмен мен Гринхорнет сияқты мықтылардың суперкүштері жоқ, бірақ олар төбелес өнерін және сот ісін меңгерген. Басқаларында арнайы жабдықтар бар. Мысалы, Темір адамның қуатты сайман-костюмдері және Жасыл Шамның билік сақинасы. Олардың әділдік үшін күресуге деген құлшынысы мен сенімі оларға орасан ерік-жігер және сүйіспеншілік әкелді. Көбіне бұл кейіпкерлер өздерінің шын тұлғасын жасырады. Мәселен, Фантом өзінің бейнесін жасыру үшін ашық және ерекше костюм киеді. Суперқаһармандарға жататын топтар көп. Мысалы, Фантастикалық төрттік, X адамдары, Әділет Лигасы, Кек алушылар т.б. Супермен кейінірек "Криптон" деп аталған бөгде ғаламшарда Кал-Ел болып туған. Ол жерге ракетамен жетіп, Кларк Кент атын алған. Ультрамен, Камен Райдер, Кассхан және Гайвер - жапондық суперқаһармандар.Мультфильм кейіпкерлері танымдық энциклопедия
Дереккөздер
Санат:Комикс кейіпкерлері