Қожамберді, Күшім, Борлы, Қосқалдақ - Басқан алабындағы өзен.

Географиялық орны Жетісу облысы Ақсу ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 52 км, су жиналатын алабы 234 км2.

Бастауы Бірлік ауылының шығысында Басқан өзенінің сол жағалаулық арнасынан алып, Атымтайшағыл құмының оңтүстігіндегі шағын көлге құяды.

Гидрологиясы Арнасы толығымен дерлік Ақсу және Басқан өзендері аралығындағы жазықпен ағады. Жоғарғы ағысында жағалауы жарқабақты, орта және төменгі ағысында жайпақ. Өзен арнасында жыл бойы су болады. Көктем айларында жоғарғы бөлігінде суы тасиды. Кеңқарын және Құдайберген қыстаулары аралығында батпақты алқап түзілген. Алабының басым бөлігі шабындыққа және мал жайылымына пайдаланылады. Су деңгейі Басқан өзеніне тікелей байланысты. Қар, мұздық және жауын-шашын суларымен толығады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Ақсу ауданы өзендері Санат:Балқаш су алабы