Қараой – Қаратал алабындағы өзен.
Географиялық орны Жетісу облысының Ескелді ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 69 км, су жиналатын алабы 484 км2.
Бастауы Бастауын Жетісу (Жоңғар) Алатауының батыс бөлігіндегі мұздықтардан алып, Текелі қаласы тұсында Қаратал өзеніне құяды.
Гидрологиясы Аңғары шатқалды, ағыны қатты. Жылдық орташа су ағымы Текелі қаласы тұсында 12 м3/с. Суы шаруашылыққа пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Ескелді ауданы өзендері Санат:Қаратал су алабы