Кот-д’Ивуар Республикасы, 1986 жылға дейін Піл Сүйегі Жағалауы ( ) — Батыс Африкадағы мемлекет. Батысында Либерия және Гвинея Республикасымен, солтүстігінде Мали, жоғарыда Буркина-Фасо, шығысында Ганамен шектеседі. Францияның отарында болған. Оңтүстігін Гвинея шығанағы шаяды. Астанасы — Ямусукро. 24 департамент, яғни әкімшілік бірліктен құралады. Ресми атауы — француз тілінде жазылып, айтылады.Voir l'article trait d'union#Noms des entités politiques et administratives

Мемлекеттік құрылысы Кот-д’Ивуар мемлекеттік құрылымы бойынша — республика. Қазіргі конституциясы 1960 жылы қабылданған. Мемлекет және үкімет басшысы — президент, жалпыға бірдей және төте сайлау негізінде 5 жылға сайланады. Конституция бойынша президентке кең құқықтар берілген. Ол министрлерді, жоғары лауазым иелерін тағайындауға, босатуға құқылы және қарулы күштердің қолбасшысы болып табылады. Министрлік Кеңесімен президент парламент алдында есеп бермейді. Заң шығаратын жоғары органы — бір палаталы Халық жиналысы (85 депутат) 5 жылға сайланады. 21 жасқа толған барлық азаматтар сайлау құқығына ие. 1961 және 1964 жылғы сот реформалары бойынша әдеттік соттар жойылып, апелляциялық және бірінші инстанция сот жүйесі құрылды. Жоғарғы сотқа конституциялық бақылау құқығы берілген.

Президенттер тізімі

thumb|right|150px|Феликс Уфуэ-Буаньи Аралық Есім Саяси белсенділігіПіл сүйегі жағасы<small>7 тамыз 1960 — 3 қараша 1960Феликс Уфуэ-Буаньи, <small> премьер-министр ретіндегі ел басшысы<small>Піл сүйегі жағасы демократиялық партиясы<small>3 қараша 1960 — 1985Феликс Уфуэ-Буаньи, <small>ПрезидентКот-д’Ивуар<small>1985 — 7 желтоқсан 1993Феликс Уфуэ-Буаньи, <small>президент<small> Кот-д’Ивуардың демократиялық партиясы<small>7 желтоқсан 1993 — 24 желтоқсан 1999Анри Конан Бедье, <small>президент<small> Кот-д’Ивуардың демократиялық партиясы<small>25 желтоқсан 1999 — 4 қаңтар 2000Роберт Геи, <small>Халықты қорғау жөніндегі істің орын басары<small>әскери<small>4 қаңтар 2000 — 25 қазан 2000Роберт Геи, <small>президент<small>26 қаңтар 2000 — 11 сәуір 2011Лоран Гбагбо, <small>президент<small>Ивуарийлық халық фронты<small>11 сәуір-ден 2011Алассан Уаттара, <small>президент

Халқы Халық құрамы Этникалық құрамыhttps://www.cia.gov/library/publications/the-world-factbook/geos/iv.html – Акандар– Вольталықтар мен Гур– Солтүстік Манде– Кроу– Оңтүстік Манде– басқалар 42,1 % 17,6 %16,5 %11 %10 %2,8 % ДінGlobal Religious Landscape – Христиан діні– Ислам діні– Африкалық діндер– Басқалар 44,1 % 37,5 %10,2%8,2 % Тіл құрамы- Француз тілі - 60 этникалық тұрғын

Оңтүстігінде және орталығында гвиней тілі тобына жататын халықтар: анья, бауле, кру (1 млн-ға жуық), лагун тайпалары, солтүстік және солтүстік-шығыс аймағында гур тобы (сенуфо, лоби, куланго), солтүстік-батысында және орталығында манде тілді отбасына жататын халықтар (малинке, бамбара, дан, квени) қоныстанған. Олардан басқа хауса, фульбе және 40 мыңдай еуропалықтар (негізінен француздар) тұрады.

Мемлекеттік тілі — француз тілі. Халқының жылдық орташа өсімі 2,3%.

Еңбек ететін тұрғындары (1964 жылғы мәліметі бойынша) 1850 мың, оның ішінде (%-пен): орман шаруашылығында және балық аулауда — 86.4 %, саудада — 6.8 %, транспорт және байланыста — 2.3%, тұрмыс қажетін өтейтін орындарда — 2.2%, өнеркәсіпте — 1.0%, құрылыста — 0.9%, әр түрлі салаларда — 0.4%.

Елдің орталық бөлігінде және Абиджан өңірінде халық жиі (1 км²-ге 20—30 адамнан), оңтүстік-батыс, солтүстік-батыс, солтүстік-шығыс бөліктерінде сирек (1 км²-ге 5 адамнан) қоныстанған. Қала халқы 18%.

Діні

Халықтың көпшілігі (65%-ке жуығы) жергілікті дәстүрлі дінді, 23%-і (малинке, бамбара т. б.) ислам дінін, 12%-ке жуығы христиан дінін ұстанады.Cote d'Ivoire. State.gov. Retrieved 17 тамыз 2012.

Тарихы

Ежелгі Кот-д’Ивуар Кот-д’Ивуардың ежелгі тарихы жете зерттелмеген. Орта ғасырларда мұнда қолөнер мен сауда-саттық едәуір дамыды. 11 ғасырда пайда болған Конг қала 19 ғасырдың аяғына дейін Батыс Африкадағы керуен саудасының аса ірі орталықтарының бірі болды. 15 ғасырдың өзінде-ақ Кот-д’Ивуар жерінде ерте феодалдық тұрпаттағы мемлекет бірлестіктер өмір сүрді. XVIII —XIX ғасырларда солтүстік және шығыс аймақтарындағы неғұрлым дамыған ірі халықтары өз алдына жеке-жеке мемлекет болды. Ал батыс аудандарды мекендеген халықтар әлі де ру-тайпалық құрылыста өмір сүрді.

Франция отарындағы Кот-д’Ивуар thumb|right|150px|1892 жылы қазіргі Кот-д’Ивуар,Нзи-Комоэда Луи-Гюстав Бингер мен Famienkro тайпасының көшбасшысы арасындағы келісімшарт құрылуы. thumb|right|150px|Луи-Гюстав Бингердің 1892 жылы Гонконгқа келуі. 15 ғасырдың аяқ шенінде Кот-д’Ивуар жеріне португалдар мен басқа да еуропалықтар келіп, құл сатып алып кете бастады. Сонымен бірге, еуропалықтар піл сүйегін және басқа да бағалы заттар алумен шұғылданды. 18 ғасырдың басында француздар Асиниде порт және Гран-Басамда фактория салды.

1842 — 43 жылдары Франция Гран-Басам мен Асиниді, онан соң жағалаудағы басқа да елді мекендерді басып алды. 1893 жылы Кот-д’Ивуар отары құрылды (француздардың бұған дейінгі басып алған жерлері Сенегал отарына кірген болатын). 1895 жылы Кот-д’Ивуар француздардың Батыс Африкадағы генерал-губернаторына бағынды, 1904 — 1958 жылдары Француз Батыс Африкасы құрамына енді. Кот-д’Ивуар халқы өз тәуелсіздігін ерлікпен қорғады. 19 ғасырдың аяғында солтүстік және шығыс аудандарда аса күшті шайқастар болды. 20 ғасырдың басында да қарулы көтеріліс тоқтаған жоқ. Күш жағынан басым француздар 1915 жылы бүкіл елді басып алды. thumb|2002 жылғы таңдау нәтижесі Орталық тәртіп кезінде Кот-д’Ивуар экономикасы француз капиталының бақылауында болды, жергілікті халық қатты қаналды. Бұрынғы иелерінен тартып алынған 330 мың гектар жер еуропода плантаторлардың қарамағына көшті. Алмаз, алтын, марганец шығару мен ағаш өңдеуді француз кәсіпкерлері биледі. Абиджанда экспорттық дақылдар (кофе, какао, банан т. б.) көп өсірілді.

Ұлт-азаттық қозғалыс Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ел ішінде ұлт-азаттық қозғалысы өршіді. 1946 жылы Кот-д’Ивуар демократиялық партиясы құрылды (Африка демократиялық одағының бөлімшесі ретінде). 1950 — 51 жылдары отаршыл өкімет орындарының озбырлығына қарсы ірі-ірі толқулар болды, сөйтіп француз үкіметі жергілікті күштерге жеңілдік берді. 1957 жылы Кот-д’Ивуар территориялық ассамблеясы жалпыға бірдей дауыс беру жолымен сайланып, үкіметтік кеңес құра бастады. 1958 жылы 28 қыркүйектегі референдум нәтижесінде Кот-д’Ивуар француз одағына енетін мемлекет статусын алды. Феликс Уфуэ-Буаньи бастаған демократиялық партия басшыларынан үкімет құрылды. 1959 жылы Кот-д’Ивуар Жоғары Вольта, Дагомея, Нигер өзара экономикалық және саяси одақ құрып оны Келісім кеңесі деп атады (1966 жылы оған Того да кірді).

Кот-д’Ивуар Республикасы thumb|right|600px|Абиджан қаласы Африка елдерінде ұлт-азаттық қозғалысы онан әрі өрши бергендіктен, 1960 жылы 11 шілдеде француз үкіметі Уфуэ-Буаньи үкіметімен келісімге келіп, сол жылғы 7 сәуірде Кот-д’Ивуар тәуелсіз мемлекет деп жарияланды. Қыркүйекте ол БҰҰ-ға қабылданды. Сол жылы қараша айында жаңа конституция қабылданды. Ұлттық жиналыс сайлауында (27 қараша, 1960) Демократиялық партия жеңіске жетіп, оның басшысы Уфуэ-Буаньи республика президенті болды. 1961 жылы сәуірде Кот-д’Ивуар Франциямен ынтымақ туралы шарт жасады, Келісім кеңесімен басқа мүшелерімен бірге (Жоғарғы Вольтадан басқалары) Франциямен қорғаныс келісіміне қол қойды.Holguin, Jaime (15 қараша 2004) url=http://www.cbsnews.com/stories/2004/11/15/opinion/fenton/main655762.shtml |title="France's 'Little Iraq'". CBS News. Уфуэ-Буаньи үкіметі жеке меншікті кәсіпкерлікті қолдайды, батыс елдерінен шетел капиталының көп енуіне жол ашады. 1963 — 64 жылы билеуші партия ішінде кескілескен саяси күрес өріс алды. Үкіметке қарсы қастандықтардың беті ашылуына байланысты, бірқатар министрлер мен басқа да көрнекті қайраткерлер сотқа тартылды. Президенттің өкімет билігі күшейе түсті. КСРО мен Кот-д’Ивуар арасында 1967 жылы дипломатиялық қатынас орнап, 1969 жылы оны Кот-д’Ивуар үкіметі бұзды.

Географиясы Қалалары

World Gazeteer интернет сайтының мәліметі бойынша, Кот-д’Ивуарда 12 мыңнан астам тұрғындары бар 66 қала бар.

Ең ірі қалалары: Абиджан — 4 351 086 тұрғын (2012) Буаке — 694 841 тұрғын (2012) Далоа — 261 789 тұрғын (2012) Ямусукро — 259 373 тұрғын (2012) Корого — 225 547 тұрғын (2012)

Аумақтық-әкімшілік бөлінісі

thumb|right|270px|Кот-д’Ивуара облыстары

Кот-д’Ивуар 19 облысқа бөлінген, оның ішінде 81 департамент және 2 өңір бар. thumb|left|270px|Кот-д’Ивуара картасы

№ОблысӘкімшілік орталығыАумағы, км2Халық (2010), тұл.Тығыздығы, адам/км²1.АгнебиАгбовиль9 234743 55980,522.БафингТуба8 922205 33923,013.Ба-СассандраСан-Педро26 4402 037 62877,074.ДенгелеОдиенне20 997316 57115,085.МонтаньМан16 7821 334 38779,516.ФромажеГаньоа6 903772 368111,897.О-СассандраДалоа15 2421 535 137100,728.ЛакЯмусукро8 875677 81276,379.ЛагюнАбиджан13 3235 336 658400,5610.МарауэБуафле8 698791 68991,0211.Муайен-КавеллиГигло14 268737 69951,7012.Муайен-КомоэАбенгуру6 921561 85381,1813.Нзи-КомоэДимбокро19 242895 40546,5314.СаванКорого40 2101 319 24032,8115.Сюд-БандамаДиво10 677972 14491,0516.Сюд-КомоэАдиаке7 252656 15090,4817.Валле-дю-БандамаБуаке28 5181 538 48453,9518.ВородугуСегела22 166536 01224,1819.ЗанзанБондуку38 251999 58626,13 Барлығы 322 92121 967 72168,03+

Көрші мемлекеттер Солтүстік-батыс: Солтүстік: Солтүстік-шығыс: Батыс: 50px Шығыс: Оңтүстік-батыс Оңтүстік: Гвинея шығанағы Оңтүстік-шығыс: Кот-д’Ивуар экваторлық және субэкваторлық белдеуде, құрлыққа қарай сұғына, Нигер өзені алабына дейінгі өңірде орналасқан. Гвинея шығанағының жағалауы шамалы тілімделген, батыс жағалауы жар және жартасты, шығысы жайпақ және құмды келеді. Оңтүстігі төбелі жазық, солтүстігі үстірт (биіктігі 500 — 800 м), батыс бөлігін Нимба тауы (1752 м) алып жатыр. Территориясы Африка платформасындағы кембрийлік жыныстардан түзілген (батысында және солтүстігінде гранит, шығысында кристалл кәне тақта тас). Алмаз, марганец, алтын, боксит, темір кені, қалайы, колумбит кен орындары бар.Géographie de la Côte d’Ivoire

Өзендері Елдегі ең ірі өзендері: Кавалли Сасандра Бандама Комоэ

Бірақ бұлардың біреуінде де кеме жүзбейді, себебі көптеген шоңғалдар мен жазғы құрғақшылық маусымдағы су деңгейінің төмендеуі кедергі жасайды.

Фаунасы мен флорасы Кот-д’Ивуардың табиғи ландшафты соңғы кезде қатты өзгерген. Бұрын негізгі ландшафтты қалың ормандар құрайтынRougerie, 1978,GR,p 171. 1920 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 2007 жылы орман массивтарының көлемі екі есе, яғни 6 000 000 гектарға азайғанRougerie, 1978,GR,p 173-192La Côte d’Ivoire en chiffres, 2007,Eco,p 86. Қазіргі таңда ормандар мемлекет аймағының үштен бірін алып тұр.

Есесіне жергілікті фаунасы алауан түрлі. Көптеген омыртқалы, омыртқасыз, су жануарлары мен паразиттер саванна мен ормандарда кең таралған. Сүткөректілердің ішінде ең ірілері - пілдер мен сусиырдың екі биологиялық түрі. Алып орман қабаны, бөкендер мен енекелер, маймылдардың көптеген биологиялық түршелері, кеміргіштер және жыртқыштар (арыстан, леопард, мангусттар), құстардың, бауырмен жорғалаушылар мен жәндіктердің жүздеген түрлері - бұл да Кот-д’Ивуардың фаунасының толық тізімі емес. Өкінішке орай, күннен күнге Кот-д’Ивуардың фаунасының өкілдері азайып және жойылып бара жатқан түрлер тізімдеріне ілініп жатырRougerie, 1978,GR,p 207-214.

Қоршаған ортаны қорғау Қоршаған ортаны қорғау мәселесі Кот-д’Ивуар министірлігінің басты қарастырылып жатқан жұмыстарының бірі. Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, қалалық қауіпсіздік пен тұрақты даму, қоршаған ортаны басқару саясаты мен қорғалатын аудандардың жетілдіруін қамтамасыз етеді. Министірлік ормандарды түгелдей және кейбір сирек немесе жойылу қауіпі бар жануарларды қорғау алған. Жоспар бойынша жойылу үстінде тұрған жануарлардың (керік) популяциясын көбейту. Басшылықтың тағы бір бұрыннан келе жатқан мәселесі жануарларды сату, есептеулер бойынша 2002 жылы Абиджанда піл сүйегі 1554 кг сатылған.

Қорғалатын аймақтар