Бамбук куфиясы () — улы сұр жыландар тобына жататын жылан. Сыртқы түрі Бамбук куфиясының ұзындығы 50 см-ден 90 см-ге дейін жетеді. Түсі жасыл, ағаш жыландарына ұқсас. Басының пішіні үшбұрышты. Қабыршақтарында ақ дақтар болады.
Түсі әдетте жасыл болғанымен сары, қара, қызыл реңділерін де кездестіруге болады. Екі бүйіріндегі көкшіл рең беретін сары түсті жолақтары бас жақтарынан басталады. Аналық бамбук куфиясының көпшілігінің бауырында ақ түсті жолағы болады. Құйрығы қызыл түсті, сондықтан қытайлықтар оларды "қызыл құйрықты бамбук куфиясы" деп атайды. Егер оған ұқсас жыланның құйрығы қызыл болмаса, улы болып саналмайды.
Ол – қарапайым жасыл жылан. Қоректенуі Бамбук куфиясы жемтігін түнде баяу жорғалап жылжу арқылы аулайды. Бұл жыландардың екі жұп тістерінің ізі тістегеннен кейін жемтіктерінің денесінде айқын байқалады. Олардың уында геморрагиялық токсиндер болады, сондықтан шыққан жерлері ісіп, қан ағып күлдіреп кетеді. Негізгі қорегі - қосмекенділер, кеміргіштер, кесірткелер және құстар. Көбеюі Бамбук куфиясы жыныстық жағынан бір жылда жетіледі. Ұрпағын тірідей туады. Әрбір жаз мезгілінде дүниеге 2-15 аралығында ұрпақ әкеледі. Таралуы Таулы аймақтар мен жыртылған егістік маңында, өте ыстық жерлерде тіршілік етуге бейімделген. Оларды Қытай, Непал, Тайвань, Тайландтан кездестіруге болады.1100 қызықты деректер, Улы жәндіктер, 7-ші бет
Дереккөздер
Санат:Сұржыландар Санат:Жыландар Санат:Жануарлар Санат:Бауырымен жорғалаушылар Санат:Азия бауырымен жорғалаушылары