Қашырлы – Желдіадыр тауларының солтүстік шығысындағы шоғырлар.

Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы Жанбөбек ауылының оңтүстік-батысында 9 км жерде орналасқан.

Жер бедері Биіктігі - 528 метр. Солтүстік-батыстан, оңтүстік-шығысқа қарай 25 км-ге созылып жатыр, енді жері-5 км. Беткейі тіктеу, 10-нан астам тізбектелген шоқырлардан тұрады. Оңтүстік беткейіндегі таудың түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Таудың бойында Әбілда, Бижан, Қойтас және тағыда басқа қыстаулар орналасқан. Баурайындағы бұлақтардан Керей өзенінің салалары бастау алады.

Геологиялық құрылымы Силур кезеңінің жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Бозғылт қоңыр топырағында жусан, бетеге, селеу, ажырық және тағыда басқа өсімдіктер өседі."Атамекен" географиялық энциклопедиясы.

Дереккөздер

Санат:Нұра ауданы таулары