Сасық күзен () – сусарлар тұқымдасының күзендер туысына жататын кішілеу жыртқышы (денесінің ұзындығы 53 см, салмағы 2 кг).

Күзеннің ұзын, иілгіш денесі құйрығынан 2 есе ұзын. Қоңырқай жұмсақ үлпілдек терісі әдемі, ол аң терісі кәсібінде - жоғары бағаланады. Күзен - епті, батыл және өжет жыртқыш, қоян немесе тауық тәрізді олжасын оңай ұстайды. Ымырт пен түнде белсенді. Жылына бір рет көбейеді. Ақпан айында шағылысып, мамыр айында 4-тен 20-ға дейін ұрпағын береді, олар өсіп жетілгенше інінде болады, сүтпен қоректендіреді. Інінен шыққаннан кейін де анасы қоректендіріп, әрі қорегін ұстау әдістерін үйретеді. Табиғаттағы кез-келген жыртқыш сияқты ауру, әлсіз т.б. жануарларды ұстау арқылы табиғи сұрыптауда маңызды қызмет атқарады. Құс фермасы үшін - қауіпті зиянкес.

Қазақстанда жылына күзеннің 1000 терісін дайындайды.«Қазақстандағы жануарлар әлемі» кітабы, «Алматыкітап» ААҚ, 2003 жыл. ISBN 9965-628-91-2

Дереккөздер

Санат:Күзендер Санат:1827 жылы зерттелген жануарлар Санат:Еуразия сүтқоректілері