Натаниэль Бэкон (Nathaniel Bacon, 1642 немесе1647—1676 ж.ж.) — Солтүстік Америкадағы ағылшын отары - Виргиниядағы фермерлер көтерілісінің басшысы. Англиядағы кедейленген ақсүйек отбсысында дүниеге келген. 1673 жылы Солтүстік Америкаға қоныс аударып, 2 шағын плантация құрды. 1676 жылы ағылшын отаршылдарына қарсы көтеріліске басшылық етті. Көтеріліс қызған кезде, Бэкон қайтыс болып кетеді. Америка зерттеушілерінің соңғы деректеріне қарағанда, у беріп өлтірген көрінеді.Қазақ Совет Энциклопедиясы, 7 том

Дереккөздер

Санат:1642 жылы туғандар Санат:1676 жылы қайтыс болғандар Санат:АҚШ тұлғалары