Райан Джозеф Гиггз (; 29 қараша 1973 жыл, Кардифф, Уэльс) — уэльстік футболшы, жартылай қорғаушы, футбол жаттықтырушысы. 2018 жылдан бері Уэльс Ұлттық футбол құрамасын жаттықтырады. Мансабы Бүкіл карьерасында тек "Манчестер Юнайтедте" ойнаған. 24 жыл бойы (1990-2014) манчестерлік клубтың намысын қорғап, клубтық деңгейдегі барлық жүлдеге қол жеткізді.
2014 жылы карьерасын аяқтаған соң "Манчестер Юнайтедтің" уақытша бапкері болды, 2014-16 жылдар аралығында бапкер көмекшісі боп қызмет атқарды. 2018 жылы Уэльс құрамасының бас бапкері боп тағайындалды.
1991 жылы 5 маусымда Германияға қарсы жолдастық кездесуде тұңғыш рет Уэльс құрамасы сапында алаңға шықты. Алаңға шыққан сәттегі жасы 17 жыл 321 күн болды да, құрама тарихындағы ең жас футболшы атанды.
2007 жылға дейін 64 кездесуде алаңға шықты.
2012 жылы Ұлыбритания құрамында жазғы Олимпиада ойындарына қатысты.
Жетістіктері Клубтық жетістіктері Англия чемпионы(13): 1992/93, 1993/94, 1995/96, 1996/97, 1998/99, 1999/2000, 2000/01, 2002/03, 2006/07, 2007/08, 2008/09, 2010/11, 2012/13 Англия кубогының иегері(4): 1994, 1996, 1999, 2004 Футбол лига кубогының иегері (3): 1992, 2006, 2009 УЕФА чемпиондар лигасының жеңімпазы (2): 1999, 2008 Англия суперкубогының иегері (9): 1993, 1994, 1996, 1997, 2003, 2007, 2008, 2010, 2013 УЕФА суперкубогының иегері: 1991
Жеке Англияның үздік футболшысы (2): 1992, 1993 Мэтт Басби жүлдесі: 1997/98 Англия чемпионатының үздігі: 2009 Golden Foot жүлдесі: 2011 Уэльс жыл футболшысы (2): 1996, 2006 Уэльстегі жыл спортшысы (2): 1996, 2009 Ұлыбританиядағы жыл спортшысы: 2009
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі Санат:Уэльс футболшылары Санат:Уэльс Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Манчестер Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Уэльс футбол жаттықтырушылары Санат:Уэльс Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Манчестер Юнайтед ФК жаттықтырушылары