Алмастыру арқылы сұрыптау - алгоритмдік сұрыптаудың ең жеңіл түрі болып табылады.Бұл алгоритмдік сұрыптау өте жеңіл, әрі оңай, себебі бұл сұрыптау улкен емес массивтерге қолданылады. Алгоритмнің қиындығы: O(n²). Қысқаша мазмұн Қайтсе де сұрыптаудың кез-келген әдісі алмастырумен, яғни жадыда екі элементтін орын ауыстырумен байланысты. Бірақ басқа әдістер үшін бұл әрекет көмекші болса, алмастыру сұрыптауы үшін бұл - процесстің басты сипаты болып табылады. Алмастыру арқылы сұрыптаудың мәні кестенің қатар тұрған элементтерін қос-қостан көптеп салыстырып және осы элементтерді берілген ретпен орын ауыстыруда. Бұның мәні мынада, Мысалы n элементтен тұратын А сандар массиві берілген. Оны алмастыру әдісін қолданып элементтерінің өсуі бойынша сұрыптау қажет.

Алгоритм Өлшемі n болатын А массивін толтыру және экранға шығару; i:=1; A[i] >A[i+1] элементтерінің орындарын ауыстыру; i:=i+1 мәні үшін i:=n болғанға дейін 3 қадамды қайталау; Сұрыпталған А массивін экранға шығару. Программалау Program Aikesha_lay; Const n=8; var i, j, k: integer; A:array [1..n] of integer; p:boolean; Begin Randomize; Writeln('Берілген сандар массиві:'); For i:=1 to n do Begin A[i]:=Random(25); Write(A[i]:4); end; Repeat p:=true; For i:=1 to n-1 do If A[i]>A[i+1] then begin k:=A[i]; A[i]:=A[i+1]; A[i+1]:=k; p:false; end; until p; writeln; writeln('Өсуіне қарай сұрыптау нәтижесі:'); For i:=1 to n do Write(A[i]:4); readln; end. Дереккөздер

Қолданылған әдебиеттер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9 Бурин Е. А. Программирование на языке Турбо Паскаль. А., 2000. Вирт Н. Алгоритмы инструктуры данных. Досмайлов Т. К. Паскаль программалау тілі. А.,1996. Кнут Теория алгоритмов. Матросов В. Л. Теория Алгоритмов. Семашко Г. Л., Салтыков Г. Л. Программирование на языке Паскаль. М.,1988.

Сыртқы сілтемелер

Санат:Ғылым Санат:Паскаль