Татрең тұқымдасы () - біршама түзу және қысқа тұмсықты (бастан қысқарақ) кішкене және орташа денелі (20-250 г) балшықшы құстар тұқымдасы.

Басы едәуір үлкен, мойыны қысқа, аяғы - ұзын. Бұл құстарға жататын түрлердің едәуір бөлігінің саусақтары 3- еу ғана (олардың түбінде шағын жарғақ болады), егер үшінші саусағы болса, ол - қысқарған саусақ. Қанаты - үшкір, біршама қысқалау. Құйрығы - түзу немесе аздап ұзарған, онша үлкен емес, жыныстық, ересектік және маусымдық айғақ жақсы білінеді.

Татрең тұқымдасында 60 түр бар. Қазақстанда осы тұқымдастың 6 туысынан 14 түрдің өкілдері кездеседіҚұстар. Мектеп энциклопедиясы, 2010, Ковшарь Анатолий Федорович, ISBN 978-601-282-168-0, 352 бет, Алматы: Атамұра.

Дереккөздер

Санат:Татреңтәрізділер Санат:Еуразия құстары