TAURUS KEPD 350/150 ()(KEPD – ағылшын тілінен аударғанда «бұзып өтетін кинематикалық энергия» деген мағына береді, таурус- «торпақ» деген сөз) – «әуе-жер» санаты бойынша жасалған, алыс қашықтыққа ұшатын неміс-шведтік авиатциялық зымыраны. Ол биіктіктен көздеп атып, жоғары деңгейде қорғанған, терең жасырынған маңызды нысандарды атып түсіруге арналған. Зымыран-тасымалдаушы қарсыластың әуе шайқасына қарсы қорғаныс аймағына кірмейді. Германияның Шробенхаузен ауданында орналасқан Таурус системс GmbH жасалып, шығарылады. Оны немістік «Даймлер-Бенц аэроспейс» пен шведтік «Сааб Бофорс Динамик» компаниясы бірлесе дайындады.

«Таурус» қанатты зымыраны 1994 жылы авиатциялық кассета DWS39 негізінде жасалды. Оның 24 жарықшақты және шоғырланатын оқ-дәрісі бар болатын. Зымыранды дайындау кезінде щағын қашықтыққа ұшатын «KEPD-150» үлгісі де қаралды. Жеңіл салмақты үлгі шведтік «Грипен» жойғыш ұшақтарын қаруландыруға арналған болатын.1100 қызықты деректер, Аруна баспасы 122 бет

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер TAURUS Systems GmbH ресми сайты TAURUS KEPD 350 Saab AB ресми сайты TAURUS KEPD 350 жайлы видео Youtube

Санат:Зымырандар Санат:Ұшу аппараттары