Владимир Фёдорович Быстров (1935 жылы 31-желтоқсан — 1990 жылы 13-тамыз) — орыс биофизигі, КСРО Ғылым Академиясының құрамына кіретін М. М. Шемякин атындағы биоорганикалық химия Институты директорының орынбасары, КСРО Ғылым Академиясының мүшесі, Мәскеу физика-техникалық институтының профессоры.

Өмірбаяны Ленинградта дүниеге келген. 1959 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің физика факультетін аяқтады.

КСРО Ғылым Академиясының құрамына кіретін табиғи қосылыстар химиясы Институтының (1974 жылдан бастап, М. М. Шемякин атындағы биоорганикалық химия Институты) алдымен жоғарғы ғылыми қызметкері (1964 - 1971), кейінірек директор орынбасары (1971 - 1990), ядролық магниттік резонанстың спектроскопия тобының басшысы. МФТИ-дың молекулярлық және химиялық физика, физика-химиялық биология факультеттерінің негізгі кафедраларында сабақтар өткізген. 1988-1990 жылдар аралығында Мәскеу физика-техникалық институтының физика-химиялық биология және биотехнология факультеттерінің кафедраларына басшылық еткен.

Марапаттары "Ерен еңбегі үшін" аталымындағы В. И. Лениннің 100 жылдық мерейтойына арналған медалі (1970). "Құрмет таңбасы" ордені - кеңестік ғылымды дамытудағы еңбегі үшін және КСРО Ғылым академиясының 250 жылдық мерейтойына байланысты (1975). Халықтар достастығы ордені - 10-бесжылдықта алға қойған ғылым мен техниканы дамыту және шаруашылыққа ғылыми жаңалықтарды енгізу мақсаттарының орындалғаны үшін (1981). "Еңбектің Қызыл жалауы" ордені - биоорганикалық химияны дамытудағы және ғылыми кадрлар дайындаудағы еңбегі үшін және ғалымның 50 жылдық мерейтойына байланысты (1985). Ғылым мен техника саласындағы КСРО-ның Мемлекеттік сыйлығы - "Жүйке импульстары генерациясының молекулярлық механизмдерін зерттеу құралы ретінде нейротоксиндерді пайдалану" атты 1973-1983 жылдар аралығында жарияланған еңбектер жинағы үшін (1985). Чехословакия Ғылым академиясының Я. Гейровскийдың алтын медалі — химия ғылымына сіңірген еңбегі үшін (1988). Ресей Ғылым Академиясы М. М. Шемякиннің сыйлығы - "Ядролық магниттік резонанс спектроскопиясы әдісімен мембранадағы пептидтер мен ақуыздың құрылымы мен қызметін зерттеу" атты еңбектер жинағы үшін (1992).

Санат:Физиктер Санат:Санкт-Петербургте туғандар Санат:КСРО физиктері Санат:Ресей физиктері Санат:Мәскеу мемлекеттік университетінің физика факультеті түлектері