Шөл сандуғаш () - Торғайтәрізділер отрядының сандуғаштар тұқымдасының Қазақстандағы ең кішкене денелі (7-10 г), ең қуқыл реңді сандуғаш.
Биологиялық сипаттамасы Тот түстес құйрығы дененің арқа жағындағы қызыл қошқыл сұр жабын қауырсындардан ай-қын байқалады. Құйрығы ұзындау (әсіресе ұшып жүргенде) болып көрінеді. Жақынырақтан ашық ақ түсті көзі бірден назар аударады. Өте ширақ, жылпос құс, кейде тышқан тәрізді бұталар арасына сып етіп кіріп кетеді. Өзіне тән ерекше әдеті - бұталардың ұшар басына қонып алып, лезде басын төмен қаратып құлайды. Өз ісімен шұғылданған кезде адамға назар аудармайды, ал ұяда отырған кезде кейде, тіпті қолға алып ұстауға да болады. Дауысы - сазды, әуені - қоңыраудай сыңғырлайды. Сонымен бірге бұталардың жоғары ұшында да, ұшып жүріп те сайрайды. Шөл сандуғаштың қоңырау сыңғырлы әдемі әуенін қатар өмір сүретін құстар, әсіресе кіші және сүр бозторғайлар, шыбжық тасшымшықтар жиі-жиі өз әуеніне қосып алады. Мамыққа толы тар, терең шарапыдыс (бокал) тәрізді ұясын бұталар (соның ішінде ағаш тәрізді сораң) арасына орналастырады, кейде ол түбімен жерге тиіп тұрады. Салындыдағы 4-6 айқын нүктелі ақ жұмыртқаларды аналығы басады, анда-санда аналықты аталық алмастырады. Балапандар жұмыртқадан 13 күнде жарып шығып, 11-13 күн ұяда болады. Бір жазда жұптардың кейбірі 2 рет балапан өргізуі де мүмкін.Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010
Таралуы Қазақстанның шөл зонасында кең таралған, бұталы шөлдің аялы құстарының бірі болып есептеледі.
Дереккөздер
Санат:Жануарлар Санат:Сандуғаштар Санат:Еуразия құстары Санат:Африка құстары