thumb|right|200px| Джан Карло Пайетта () (24.06.1911 жыл, Турин - 13.09.1990 жыл, Рим) — итальян жұмысшы қозғалысының қайраткері, журналист.

1925 ж. Коммунистік жастар федерациясына, 1930 ж. Итальян компартиясына (ИКП) кірді. 1931 ж. Коммунистік жастардың итальян федерациясынан жастардың Коммунистік Интернационал Аткомы жанындағы өкілі болып тағайындалды. 1933 ж. тұтқындалып, 21 жыл түрмеде отыру жазасына кесілді. 1943 ж. Муссолинидің фашисттік диктатурасы құлатылғаннан кейін босатылды. Итальян халқының неміс фашистік басқыншыларына, олардың итальяндық фашистік жәрдемшілеріне қарсы ұлт-азаттық соғысы (1943— 45) кезінде П.— Пьемонттағы партизандар қозғалысын ұйымдастырушы, Солтүстік Италияны азат ету ұлттық комитетінің және Гарибальдишілдер бригадасы Бас штабының мүшесі. 1945 жылдан ИКП ОК мен Басшылығының мүшесі. 1954 жылдан ИКП Секретариатының, 1966 жылдан ИКП Саяси бюросының мүшесі. Итальян республикасы парламентінің (барлық сайланған) депутаты. 1945—47 ж. ИКП-нің орталық органы — «Унита» газетінің (Миланда шығатын) бас редакторы (директоры). 1964—66 ж. компартияның теориялық органы — «Ринашита» журналының бас редакторыҚазақ Совет Энциклопедиясы, 9том.

Дереккөздер

Санат:24 маусымда туғандар Санат:1911 жылы туғандар Санат:Туринде туғандар Санат:13 қыркүйекте қайтыс болғандар Санат:1990 жылы қайтыс болғандар Санат:Римде қайтыс болғандар Санат:Итальян партизандар қозғалысы мүшелері Санат:Итальян коммунистік партиясы мүшелері Санат:XX ғасырдағы Италия саясаткерлері Санат:Италия бас редакторлары