Қорасан түркі тілі () - солтүстік-шығыс Ирандағы түріктілдес азшылықтың тілі. Түркі тілдерінің оғыз тармағына жатады. Түрікмен тіліне, өзбек тілінің хорезм (оғыз) диалектіне қатты ұқсас. Лингвисттар Қорасан түркі тілін Әзербайжан тілі мен түрікмен тілдерінің арасында болғанымен екеуінің де диалекті деп санамайды.

Иранда Қорасан түркі тілінде 400 мыңдай адам сөйлейді. Олар көбіне Боджнурд, Себзевар, Гучан және Мешхед қалаларының тұрғындары. Өзбекстанда Хорезм облысында және Қарақалпақстанда, Түркменстанда Дашогуз велаяты және Лебап велаятының тұрғындары сөйлейді.

Дереккөздер

Санат:Түркі тілдері